Аталған комиссия 20 желтоқсаннан бастап гендік түрлендірілген құрамдарға (ГТҚ) қатысты азық-түлік өнімдерін міндетті таңбалау туралы шешім қабылдады.
ЕЭК алқасының мүшесі Валерий Корешковтың айтуынша, Комиссияның жаңа талабы тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Егер ГТҚ 0,9% асып кеткен жағдайда қойылады. «ГТҚ» «ЕАС» Еуразия экономикалық одақ нарығындағы өнімдер айналымының бірыңғай белгісімен қатар қойылады. Сонымен қатар ол «ЕАС» белгісінің көлемі мен пішіне сәйкес келуі керек.
Техникалық талаптардың өзгеруі, өндірушілерді өз өнімдеріндегі «ГТҚ» мөлшерінің қаншалықты екендігін тұтынушыға көрсетуге міндеттеп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін мұндай ақпарат өте ұсақ әріптермен жазылып келуі де мүмкін.