Генерал Дустумның Ауғанстанға оралуы: Кабул әуежайында жарылыс болды
Қуатты жарылыс әуежай маңында Дустумның жақтастары жиналып тұрған жерде болды. Ал 2017 жылы Түркияға қашып кеткен шенеуніктің өзі зардап шеккен жоқ.
«Шабуылды жанкешті-лаңкес жасауы мүмкін», - деп мәлім етті агенттікке Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
Ауғанстанның TOLOnews телеарнасының жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, ажал құшқандардың дені - қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.
Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустум мінген айыру белгілері жоқ чартерлік рейс жексенбі күні сағат 16.30-да (Астана уақытымен 18.00) Хамид Карзай атындағы Халықаралық әуежайға қонған болатын. Жүздеген адам, соның ішінде жоғары лауазымды тұлғалар Түркияда 14 ай болып келген вице-президентті қарсы алу үшін ұшып-қону жолағына жиналған еді.