АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеевті наградтады. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы полковник Қайрат Баймаханов Мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі айбын орденін алды.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 әскери қызметшісі мен қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.