General Motors 23 зауытын жабады

None
ВАШИНГТОН. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – General Motors АҚШ-тағы автомобиль қозғағыштарын, трансмиссияларын және басқа да тетіктерін шығаратын 23 зауытын жабады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Бірнеше зауыттар толығымен тоғыз айға жабылады, бірнешеуі шығаруды баяулатып ішінара жабылады. Бұған машиналарды шығарудың жаңа қысқартылған кестесі себеп болып отыр. Өндірісті қысқарту 18 мың қызметкерді шарпиды. Сәуірде GM АҚШ пен Мексикада 13 автозауытты жапқанын еске саламыз.Бұған дейін хабарланғанындай, АҚШ президенті Барак Обама General Motors пен Chrysler-ден одан әрі мемлекеттік көмек алуға үміт артпас бұрын қысқа мерзім ішінде жаңа бизнес-жоспарды талап еткен болатын. Американ президентінің пікірінше, GM компания басшыларының дәрменсіздігінен мүшкіл халде қалып отыр.