Наурызда осыған ұқсас мәселелерге байланысты 2,6 млн. автокөлік кері қайтарылды. Соңғы партия - 500 мыңы өндірушіге өткен аптада қайтарылды.
Осыған дейін General Motors-тың қаржылық шығындары болған жағдайға байланысты 400 млн. долларға бағаланды, ал қазір бұл сан 700 миллионға дейін өсті.
Мамырда компанияға осы мәселені жедел шеше алмағаны үшін Америка заңымен рұқсат етілген ең жоғары айыппұл - 35 млн. доллар кесілді.
Соңғы уақытта GM бірнеше рет белдік ақаулықтары мен қауіпсіздік жастықтары, өрт тұтану қаупі сияқты мәселелер үшін өз өнімдерін қайтарып алуына тура келген.