Кері қайтарылатын көліктер 2014-2015 жылдардағы модельді Chevrolet Silverado және GMC Sierra пикаптары, сондай-ақ 2015 жылғы модельді Chevrolet Tahoe, Chevrolet Suburban және GMC Yukon жол талғамайтын көліктері, атап айтқанда барлығы 467 мыңға жуық. Концерн мамандарының деректеріне сүйенсек, толық жетекті көлік жарақталған тарату қораптарының ақауы салдарынан көлік қозғалған кезде дөңгелекпен қозғалтқыштың байланыстың бұзылуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, көлік тоқтап тұрған кезде көлік артқа жүріп кетуі мүмкін.
General Motors атап өткендей, аталмыш пикаптар мен жол талғамайтын көліктердің 20 мыңға жуығы АҚШ пен Канададан тыс жерлерге сатылған. Компания өкілдерінде аталған ақау бойынша жол апатына себеп болған деректер жоқ.
Хабарланған сервистік акцияда 33 мыңнан астам 2013-2014 жылдардағы модельді General Motors көлігі де бар. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл көліктердің қауіпсіздік жастығының кемшілігін түзету қажет, жол апаты орын алған жағдайда, жастық ашылмай қалуы мүмкін немесе жүргізушіні жарақаттап дұрыс іске қосылмауы мүмкін. General Motors деректері бойынша мұндай ақаудан бір адам зардап шеккен.
Компания сондай-ақ 2013-2014 жылдардағы моделді. Chevrolet Caprice полицей көліктерін және 5 мың 2014 жылғы үлгідегі Chevrolet SS спорттық седандарды кері қайтарады. General Motors түсіндіруінше, олардың терезе тазалағышы дұрыс жұмыс істемейді.
2014 жылдың басында автокомпания айналасында жанжал өрбіді. Ақпан мен наурызда концерн әлем бойынша өндірушілерге 2001 жылы белгілі болған оталдыру жүйесінде болған ақауға байланысты 2,6 млн. көлік кері қайтарған. Ақау қозғалыс кезінде қозғалтқыштың сөнуіне әкелген. Бұл тежегіш жүйесінде іркіліс тудырып, оның салдарынан қауіпсіздік құрылғысы өшіп қаола жаздаған. Бұл ақау кемінде 13 адамның қазасына себеп болды.
General Motors көрсеткендей, жылдың басынан бастап компания 20 млн.-нан астам көлікті кері қайтарды. Сарапшылардың айуынша, ірі америкалық автоөндіруші автомобильдерді кері қайтару саны бойынша 2004 жылғы өз рекордынан асып түсті. Онда концерн 10,75 млн. көлікті кері қайтарған.