General Motors және Ford зауыттарын тоқтатты
15:40, 01 Шілде 2009
МӘСКЕУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат -General Motors және Ford компанияларының Ресейдегі зауыттары жұмыстарын тоқтатты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.
General Motors Санкт-Петербордағы конвейерін тамыздың 31-інде қайта іске қоспақ. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, қызметкерлерді жаппай қысқарту болмайды, қызметкерлер бос тұрып қалған кездерінде жұмыс орындарын сақтайды және еңбекақысы ішінара төленеді.
Ford ресейлік «Форд Всеволожск» зауытын шілденің 9-ына дейін тоқтатты. Зауытта сондай-ақ шілденің 20-сынан тамыздың 9-ына дейін жоспарлы жыл сайынғы жазғы демалыс жоспарланып отыр.