Жастар жылына орай әлеуметтік желідегі аватарды өзгертуге арналған патриоттық фреймдер бүгін «ҚазАқпарат» ХАА-ның jastar.inform.kz қосымша сайт-саттелитінде жарияланған болатын.
Енді Facebook қолданушылары «Generation Q» парақшасына кіру арқылы Жастар жылына арналған фреймдерді пайдалана алады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай Қазақстанның барша жастарын Президент бастамаларына қолдау көрсетуге шақырды.
«Жастар жылы - бұл Қазақстан тарихында ұлт Көшбасшысы тарапынан, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға жасалған теңдессіз қадам. Сондықтан, біз, жастар, форумда көтерілген ұсыныстарды толық қолдауымыз керек. Бүгінде жастардың барлығы дерлік әлеуметтік желіде отырады. Сол себепті, әлеуметтік желілерде флешмоб жүргізуді ұйғардық», - деді ол.