Бастапқыда оны қаза тапқан альпинист деп қабылдаған, кейіннен ғалымдар оның 5000 жыл бұрын өмір сүргенін анықтады. Денесі мұз болып қатқандықтан дене жақсы сақталып, оған осы уақытқа дейін ешкімнің қолы тимеген, деп жазады Росбалт.
Оның кене боррелиозымен сырқаттанғаны, әке жағынан жақын туыстары - Тиррен теңізінің жағалауы мен Сардиния тұрғындары екені белгілі болды. Бұдан басқа мұз адам инфарктқа бейім болған және сүт іше алмаған, себебі онда сүт қантын көтере алмайтын ген анықталды.
Отци мен оның анасы жағынан туыстары Тироль Альпісінің байырғы тұрғындары. Бұл шағын, тұйықталған популяция таудан алыстамай, Орталық Еуропаның басқа тұрғындарымен аралас-құраластығы болмаған. Біздің уақытқа дейін сақталса да, оның артынан ұрпақ қалмаған.