Геннадий Головкин 2016 жылдың көктемінде рингке шығуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин 2016 жылдың көктемінде рингке шығуы мүмкін.

K2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер BoxingNews24.com-ге Геннадий Головкиннің қашан рингке шығуы мүмкін екенін айтты, деп жазды Sports.kz.

«Қазір Канело - Котто жекпе-жегінің жеңімпазын күтіп отырмыз. Мақсатымыз - WBC титулы, сондықтан да бұл кездесудің жеңімпазын күтіп отырмыз. Барлығы жеңімпаздың шешіміне байланысты. Егер ол бізбен күш сынасуға бел буса, онда жекпе-жек мамыр айында өтуі мүмкін. Егер жеңімпаз белгілі бір себептермен Головкинмен жұдырықтасудан бас тартып, өз титулын босатса, жекпе-жек наурыз айында өтуі мүмкін», - деді ол.