Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Лёффлер хабарлады, деп жазады vringe.com.
«Бүгін біз Геннадийдің менеджерінен оның 26 сәуірдегі додаға қатыса алмайтындығын білдік. Өткен аптада Геннадийдің бапкері Абель Санчеспен бірге Қазақстанда, әкесінің жаназасында болып қайттық. Головкиннің отбасына бұл оқиға ауыр тиді және оған барша жауапкершілік жүктеліп отыр. Еске алу салты шаралары 40 күн бойы жалғасады, сондай-ақ Геннадий жалғыз қалған анасының қамын ойлауы тиіс. Сондықтан да боксшы өзінің спорттық мансабын жалғастыратындығы жайында өзі айтпаса, мен оның қайтып оралуын сырттай талқылай алмаймын», -дейді Лёффлер,
Естеріңізге сала кетейік, Геннадийдің соңғы тартысты додасы биылғы 1 ақпанда өтіп, ол Осуману Адаманы айқын басымдылықпен жеңген болатын.