Головкиннің мансабында тіркелген барлық сыйақының ішінде бұл – рекордтық сома.
Бұған дейін 38 жастағы қазақстандықтың кепілдендірілген гонорары 15 миллион доллар еді. Бұл соманы DAZN Головкинге канадалық Стив Роллс және Украина боксшысы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқаны үшін берген.
The Athletic сондай-ақ «Канелоның» Головкинмен үшінші рет жұдырықтасқаны үшін алатын гонорар сомасын да жазды. Мексикалық жұлдызға ол үшін кепілді түрде 45 миллион доллар төленеді.