- Әрине, қазір сіз Риота Муратамен болатын жекпе-жекке дайындық үстіндесіз. Дегенмен осы айқастан кейін қандай да бір жоспарларыңыз бар ма?
- Менің қалауым – Отаныма оралып, Жаңа жылды жақындарыммен қарсы алу. Муратамен болатын жекпе-жектің маңызы соншалық, қазір одан басқа ештеңе ойлай алмаймын.
- Келесі жылы сіз 40 жасқа келесіз. Зейнетке шыққаннан кейін немен айналысатыныңыз туралы ойландыңыз ба?
- Мен әлі күнге дейін кәсіби боксшымын, сол себепті әзірге бұл сұраққа жауап беруге дайын емеспін. Мен үшін бұл жаңа бастама болады деп ойлаймын. «40-та өмір енді басталады» дейді ғой. Сол сияқты менің жұмысым көп болады. Бәрінен бұрын, отбасыммен уақыт өткіземін. Отағасы ретінде менің алаңдайтын күндерім әлі алда.