НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкинге әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасу құқығы берілді. Бұл туралы Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті өткізуге рұқсат бергеннен кейін белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.
Мексикалық СаульАльварес пен украиналық Деревянченко жекпе-жегінің келіссөзі нәтижетсізаяқталғаннан кейін, IBF чемпиондық белдікті Сауль Альварестен қайтарып алғанболатын. Енді Головкин мен Деревянченконың командалары арасындағы келіссөздерсәтті болса, жекпе-жек екі айдан кейін, 5 қазанда DAZN-де өтеді.
Генадий Головкинөткен маусымдағы алғашқы жекпе-жегінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпенжеңген болатын.
Еске салакетейік, GGG кәсіпқой рекорды - 39 жеңіс, оның 35-і нокаутпен. Сондай-ақ,Головкин бір рет тең түсті және бір жеңілісі бар. Сергей Деревянченко 13 рет жеңіскежетіп (10 нокаут), бір мәрте жеңіліске ұшыраған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.