Геннадий Головкин әлемдегі үздік 10 боксшының қатарына енді
04:13, 18 Қазан 2013
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - «Ринг» журналы әлемдегі барлық салмақ дәрежесіндегі ең үздік боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Тізімді америкалық Флойд Мейвезер бастап тұр, екінші орында - украиндық Владимир Кличко, ал үшінші сатыны АҚШ-тың тағы бір өкілі Тимоти Брэдли иеленіпті.
Үздік ондықты қазақстандық Геннадий Головкин қорытындылап тұр.