НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxrec.com сайты жаңартылған рейтингіні жария етіп, онда қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) 678.4 ұпаймен екінші сатыда. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Геннадий Головкиннің жапониялық қарсыласын жеңгенін, жекпе-жектен кейін Риота Муратаға шапанын сыйға тартқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ жапониялықтар Головкиннің өз шапанын Муратаға жапқанын талқылап жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).