деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Геннадийдің бұл жолғы қарсыласы американдық Ише Смит. 72,6 келіге дейінгі салмақта қазір қазақстандық Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) және Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде бірінші, ал Бүкіләдемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде 2-ші сатыда тұр. Әуесқой бокста Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Генадий 2006 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. Бұған дейін 17 кездесу өткізген 28 жастағы Қарағанды қаласының түлегі оның бәрінде (14 нокаутпен) мерейі үстем болды. Ал 1978 жылы шілденің 22-сінде өмірге келген Ише Смит осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп (9-ы нокаутпен), оның төртеуінде қарсыласының мықтылығын мойындаған болатын.