Геннадий Головкин Apple жарнамасына түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Apple сағаттарының жарнамасына түсті, деп хабарланды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобының парақшасында.

Спорт сүйер қауым Геннадий түскен жарнаманы АҚШ-ғы ең танымал спорт түрі - Америка футболын (Monday Night Football) көрсету кезінде байқап қалған.