Геннадий Головкин, Аружан Саин және Димаш Құдайберген «Халық сүйіктісі» атанды (ФОТО ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Халық сүйіктісі» жүлдесінің иелері марапатталды. Айта кетейік, 2015 жылдың 25 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында «lubimec.kz» сайтында халық əр салада өз «сүйіктісіне» дауыс берген болатын.

Сонымен, бүкіл халықтық дауыс берудің нəтижесінде «Жылдың қоғам қайраткері» номинациясында Аружан Саин, «Жыл спортшысы» номинациясында Геннадий Головкин, «Жыл дəрігері» номинациясында Серік Ақшолақов, «Эстрада əртісі» номинациясында Димаш Құдайберген, «Жылдың тележурналисі» номинациясында «Қазақстан ұлттық телеарнасының» жүргізушісі Мейіржан Əлібек, «Кино беделі» номинациясында Нұртас Адамбай, «Жыл публицисі» номинациясында Жарқын Түсіпбекұлы «Халық сүйіктісі» атанды.

Ал, «Жылдың үздік интернет басылымы» номинациясында KerekInfo.kz сайты, «Жылдың үздік жобасы» номинациясында Қазақ география қоғамдастығы, «Жылдың үздік радиосы» номинациясында «Жұлдыз FM» радиостанциясы үздік деп танылды.