Геннадий Головкин: Астанада жекпе-жекті 2017 жылы ұйымдастыруға болады
«Бүгін біз америкалық HBO телеарнасының командасын алып келдік. Олар біздің бұл жекпе-жекті қаншалықты жоғары деңгейде өткізе алатындығымызды бағамдайтын болады. Меніңше, бұл жекпе-жек аз дегенде келесі жылы өткізілер еді. Егер бұның барлығы қолдан келсе», - деді Г. Головкин жанкүйерлерге берген жауабында.
Чемпионның сөзі бойынша, қазіргі уақытта GGG жекпе-жегін Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткізу мүмкіндігі бойынша көпдеңгейлі келіссөздер өтуде.
«Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сөзсіз, жекпе-жектің бірін Қазақстанда - өз жанкүйерлерің үшін өткізу менің ойымда бар. Біздің елде нағыз әлем таныған даңқты чемпиондардың қатысуымен барша әлемге дүркіретіп бокс кешін ұйымдастырсақ қанеки. Біздің ел оған лайық емес пе!?», - деп атап өтті Геннадий Головкин.
Бұның алдында xабарланғандай, HBO телеарнасының түсіру тобы орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин туралы арнайы жоба түсіру үшін Қазақстанға келген болатын. Түсірілім негізінен, боксшының туған жері Майқұдықта өтпек.