Шарада орта салмақты WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) түскен суретін өзінің Инстаграм парақшасында тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев жариялаған.
Танымал бокс жұлдызымен түскен суреттерін ашылу салтанатына шақырылған басқа да қонақтар әлеуметтік желілерде жариялады.
Бұғанға дейін қазақстандық БАҚ спортшының 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне келетіндігін жариялаған болатын.