Boxingnews24 сайтына сұхбат берген отандасымыз алдағы кездесуге сақадай-сай екенін жеткізген.
«Біз бұрыннан доспыз, айқастан кейін де дос болып қаламыз. Алдағы кездесуде драма ерекше болады. Мексикалық стиль бұл айқасты тек қыздыра түседі. Мен өзімді Супермэн секілді сезінемін», - дейді Геннадий Головкин.
Еске сала кетсек, қос чемпионның текетіресі 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena-да» өткізіледі.