Геннадий Головкин бокс тарихындағы ең үздік боксшы атағына үміткер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ең үздік боксшыны анықтауда дауыс беруді Eurosport жүргізіп жатыр.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бокс тарихындағы ең үздік боксшы атағына үміткер. Үміткерлер тізіміне 20 адам кірген. Қазіргі уақытта Головкин Майк Тайсон мен Мұхаммед Әлиге ғана жол беріп, үшінші орында тұр, деп жазады Sports.kz.