Twitter-де Стори GGG-мен бірге түскен суретін жариялап, кезінде екі әйгілі отандасының Геннадиймен жекпе-жекке шығуға жүрексінгенін айтты.
«Геннадий Головкин – ең ұлы боксшылардың бірі. Қазақстандық нокауттар короліне тарихтағы нокауттардың ең үлкен саны тиесілі. Ол батыл, тәжірибелі және табанды, жекпе-жекке шыққан кез келген боксшыдан тайсалмайды. Карл Фроч және Крис Юбанк сияқты көптеген спортшылар одан қорықты», – деп жазды ол.