Геннадий Головкин: Бұл баршамыз үшін үлкен күн болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Саулем Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жектері алдындағы соңғы баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

«Промоутерлерге алғысымды айтамын - олар жақсы жұмыс атқарды, сондай-ақ маған үнемі қолдау білдіріп, осы оқиғаға қолғабыс еткен демеушілер мен ұйымдастырушыларға, осындай боксты көрсететін HBO PPV телеарнасына ризашылығымды білдіремін. Бұл баршамыз үшін, бүтіндей бокс үшін, әрқайсымыз үшін - үлкен күн. Біз де, «Канелоның» командасы да мұны жіті сезінеміз. Сенбі күні осы тарихи айқасты көруге шақырамын!», - деді Головкин.

Еске салайық, 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алварестің көптен күткен жекпе-жегі өтеді. Айқасты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Уақыт айырмашылығына байланысты трансляция 17 қыркүйек күні сағат 6:00-де басталады.