«Лондонға, жұртшылыққа, барша жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Келл ірі және жақсы боксшы, оның шеберлігіне және менен сескенбегендігіне риза болдым. Бұл өзіндік спарринг болды, маған қолайсыздық тудыра алмады. Сондай-ақ Бруктың бапкерінің шешімін де түсінемін, өйткені ол айқастың соңы таяп келе жатқандығын көре білді. Енді мен барлық боксшылар, мысалы кіші Юбенк үшін ашықпын, бірақ алдымен Билли Джо Сондерспен кездескім келеді», - деді Головкин.
Головкин бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
04:53, 11 Қыркүйек 2016
Геннадий Головкин: «Бұл өзіндік спарринг болды, маған қолайсыздық тудыра алмады»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксер Геннадий Головкин британдық Келл Брукты жеңгеннен кейін сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz.