«Головкин соңғы екі апта ішінде төрт рет тексеру сынамасынан өткенін және әуесқой боксқа келген сәттен бастап жиырма жыл допинг тексеруінен өтіп келе жатқанын айтты», - деп жазады Los Angeles Times.
Еске сала кетейік, мексикалық боксшы Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылған болатын.
Бұл оқиғаға қатысты Головкин мен Альварестің 5 мамырдағы жекпе-жегі тоқтатылмауы мүмкін.