Геннадий Головкин Джеки Чанға шапан жапты

МИЛАН. KAZINFORM – Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында Джеки Чанмен кездесті.

Фото: ҰОК

Геннадий Головкин танымал актермен әңгімелесіп, құрмет ретінде оған қазақтың ұлттық шапанын жауып, тақия сыйға тартты.

– Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу, - деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, 71 жастағы Джеки Чан 2025 жылдың 22 желтоқсанында Италияның Помпей қаласында өткен Милан-Кортина-д'Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасына қатысқан болатын. 

Еске салсақ, бұған дейін америкалық танымал рэпер Снуп Догг қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтап, онымен бірге суретке түсті.