Геннадий Головкин Елбасына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты
Спортшының айтуынша, бұл қолдау Альвареспен өткен ымырасыз жекпе-жекте ерекше қажет болған екен.
«Бірінші кезекте мен мемлекетіміздің Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осындай қолдау көрсетіп, жылылық сыйлағаны үшін алғысымды білдігім келіп отыр. Ол жекпе-жекті қалың жұрт көрді деп ойлаймын. Және де менің жекпе-жегімді тікелей эфир арқылы Президент көргенін естігенде, әрине, менің жүрегімде, кеудемде көптеген эмоциялар болды», - деді Геннадий Головкин. - Адами тұрғыдан алсақ, бұл жанға жайлылық пен мақтаныш ұялататын өте тамаша жайт. Және де Президентіміздің спортқа жанкүйерлік ететініне барлық қазақстандықтар бұл мақтанышты менімен бірге бөлісті деп ойлаймын».
«Біздің Президенттен бастап еліміздің әрбір тұрғыны саған жанкүйер болды. Біздің Қазақстанның, Қарағандының атын осылай асқақтатып жүргеніңе үлкен алғыс айтамыз, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Өз кезегінде облыс әкімі Геннадий Головкинге рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда қосып жүрген үлесі үшін рахмет айтты.
Естеріңізге сала кетейік, WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Қарағандыға балалар ойын спорт алаңын сыйлаған болатын. Кешен оның туып өскен ауласы - Майқұдықтың 14-ші ықшам ауданында орнатылған.
Кездесудің басты тақырыбы аймақта балалар спортын дамыту төңірегінде өрбіді. Боксшы Майқұдықтағы оның есімі берілген спорт кешенінде болып қайтқанын жеткізді. Оны бұл нысан қаншалықты сұранысқа ие екені - оған келушілер қатары қалың ба жоқ па, балалар қандай спорт түрлеріне көбірек бейім екені қызықтырды. Геннадий бұл спорт нысанын әрі қарай дамыту туралы ұсыныс білдірді.