ESPN спорттық арнасы салмақ дәрежесіне (Pound-4-Pound) қарамай әлемдегі үздік спортшылардың рейтингісін жаңартып, жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Көш басында Флойд Мейвезер, екінші орында - Мэнни Пакьяо, үшінші орынға Гильермо Ригондо көтерілді.
Геннадий Головкин жаңартылған ондықта бесінші орыннан көрінді.