Геннадий Головкин ESPN тұжырымдамасы бойынша Р4Р рейтингінде өз орнын сақтап тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин ESPN тұжырымдамасы бойынша Р4Р рейтингінің екінші орнын сақтап тұр. ESPN тұжырымдамасы бойынша салмақ дәрежесіне тәуелді емес (Pound-4-pound) әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингі шықты, деп жазады Sports.kz.

Нью-Йоркте өткен бокс кешінен кейін көшбасшы болып Роман Гонсалес қалып отыр. Екінші орын Геннадий Головкиндікі болып қалды, ал үздік үштікті Мэнни Пакьяо түйіндеді.

Үздіктер ондығы осындай:

1. Роман Гонсалес

2. Геннадий Головкин

3. Мэнни Пакьяо

4. Гильермо Ригондо

5. Андре Уорд

6. Сергей Ковалев

7. Тимоти Брэдли

8. Владимир Кличко

9. Мигель Котто

10. Сауль Альварес.