Геннадий Головкин Германияда Кличко-Фьюри жекпе-жегін тамашалайды
12:52, 28 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин 28 қарашада германиялық Дюссельдорф қаласында өтетін Владимир Кличко мен Тайсон Фьюри жекпе-жегіне баруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Sports.kz.
«Осы демалыста Кличко - Фьюри жекпе-жегіне баруға жолға шығамын. Тартысты өтуі тиіс», - деп жазды Геннадий өзінің твиттердегі парақшасында.