Олардың таңдауы «Годзилла Конгке қарсы» атты фантастикалық фильмге түсті.
«Балалар хокккей командасымен киноға бару қашанда жақсы идея»,-деп жазып фотосуретке қолын қойды Геннадий Головкин.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Головкин орта салмақта поляк Камил Шереметаға қарсы өткізген соңғы кездесуінде IBF/IBO нұсқалары бойынша өзінің чемпиондық белдіктерін қорғап қалды.