«Мен әрдайым қарсыласымды жаншып, тіпті бір жерде оның көзін жойып жібергім келетін. Қарсыластарыммен кейбір боксшылар айтқандай дойбы немесе доп ойнаған сияқты жеңгім келмейтін. Мен оларды басып тастағым келді», — дейді Головкин.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 43 жекпе-жектің 36-сын мерзімінен бұрын аяқтай алды. Оның окауттар үлесі — 83,72%. Қазір 38 жастағы қазақстандық IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне ие, ал бұрын оған WBA Super және WBC белбеулері тиесілі болған.