Геннадий Головкин: «Қарсыласымның салмағы 160 фунт болса да, мен айқасқа әзірмін!»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің қарсыласының салмағы қанша болуы қажеттігін айтты, деп хабарлады Sports.kz.

«Қарсыласымның салмағы 160 фунт болса да, мен жұдырықтасуға әзірмін!»- деп жазды GGG өз твиттерінде. Бұл боксшы микроблогындағы ең ерекше жазба болды десе де болады, себебі тәулігіне 1,2 мың ретвит және 1,6 мың лайк жинады.

Бұдан бұрын бокс жанкүйерлері Головкинмен айқасын тағатсыздана күтіп отырған Сауль Альварес GGG-ге 155 фунтқа түссе ғана рингте кездесетінін айтқан болатын.