Жаңа өндіріс орнында 150 тұрақты жұмыс орны бар. Фабриканың жобалық қуаты жылына 500 мың тонна көмірді құрайды. Оны 5 шілдеде таныстыру көзделіп отыр. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Бокстан WBA, IBF, WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өзі: «Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қарсыластарыңды жеңіп, үйіңе орал» - деген сөздерінен кейін ой келді. Мен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдадым. Өз Отаның үшін жақсы іс жасау керек, яғни парызыңды өтеу қажет»-дейді.