«Орта салмақтағы жеңілмейтін WBA чемпионы Геннадий Головкин сенбі күні кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, өзінің нокаут-сериясын 20-ға жеткізді.
Головкиннің шеберлігі жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Бокстағы жұлдыздардың бірі Геннадиймен бір шаршы алаңға шығуға келіссе, бұл ақылы трансляция деңгейіндегі құбылыс болуы мүмкін», - деп жазады сайт.