Геннадий Головкин келесі кездесуін 16 мамыр күні өткізетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super), WBС (Interim) нұсқалары бойынша қазақстандық чемпион Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жастағы америкалық былғары қолғап шебері кіші Вилли Монро болмақ.

Кездесу 16 мамыр күні АҚШ-тың Калифорния штатының Инглвуд қаласындағы 17 мың адамдық The Forum аренасында өтеді.