«Менде қазір бәрі жақсы. Кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Қарсыласым Дэниэл Гил - бұрынғы Әлем чемпионы, өте қауіпті қарсылас. Мен Madison Square Garden шаршы алаңында жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Сондай-ақ, келесі кездесуімді Мигель Котто немесе Канело Альвареске қарсы өткізгім келеді. Кездесу күз айында өтуі мүмкін», - дейді Геннадий Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні өтетін Дэниэл Гил мен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.