Геннадий Головкин Коттомен 2015 жылдың соңына дейін кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орташа салмақтағы WBA -ның суперчемпионы және WBC-тың уақытша чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBC титулы үшін оның қазіргі чемпионы пуэрторикандық Мигель Коттомен келесі жылдың соңына дейін кездеседі, деп хабарлады Sportbox.ru.

Котто мамыр айының басында чемпиондық атағын қорғауы тиіс. Содан кейін ол Головкинмен кездесуге дайын болады.

Содан кейін Головкинмен келісімге келу үшін үш айдан кем емес уақыт өтуі керек. Сол себепті олардың кездесуін қыркүйектен ерте күтпеу керек.