«Маған қарағанда Лемье мықты болуы, оның соққысы да күштірек болуы мүмкін. Мен өз жұмысымды және өз стилімді жақсы білемін. 17 қазан - біз үшін, боксшылар үшін ғана емес, жалпы бокс үшін маңызды күн. Бұл күн WBC және WBO чемпиондары титулдарының бірігуі бойынша тарихтағы алғашқы қадам болады», - деді Геннадий Головкин.
13:46, 23 Тамыз 2015
Геннадий Головкин: «Лемьенің соққысы менікінен күштірек болуы мүмкін»
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қазанда Геннадий Головкин орта салмақтағы өзге әлем чемпионы Дэвид Лемьемен кездеседі. Лос-Анджелестегі баспасөз конференциясында Геннадий канадалықтың соққысы мықты болуы мүмкін екендігін айтты, деп жазады sport.kz