Геннадий Головкин: Мен дайынмын, Канело

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкин өз Твиттерінде бүгін Лас-Вегаста нокаутпен қарсыласын жеңген Альварестің рингте оны кездесуге шақырғанын қабыл алды, деп хабарлады Sports.kz.

«Бүгін Головкинді жекпе-жекке шақырамын. Онымен биыл, бәлкім келесі жылы Мексикада кездесуге әзірмін», - деп мәлімдеді мақтанышпен Альварес Лас-Вегаста Амир Ханды нокаутқа жіберген жеңісінен соң.

«Бүгінгі кештің боксшыларына деген үлкен құрметімді білдіремін, айқасқа әзірмін, Канело», - деді Сауль Канело Альварестің шақыруын қабыл алған GGG әлеуметтік желіде.