Аталған шара 5 мамырда Мексикада атап өтілетін Синко де Майо мерекесіне арналған демалыс күндерінде болуы мүмкін.
Де ла Хойя және GBP - 24 жастағы Мунгияның бірлескен промоутерлері.
«Головкин-Мунгия жекпе-жегі – біздің атқарып жатқан жұмысымыз. Бұл - бәрін қызықтыратын айқас. Өтетін күні қашан? Синко де Майо. Аталған чемпиондық жекпе-жек осы демалыс күндерінің хедлайнері болатынын елестетіп көріңізші? Бұл нағыз «жарылыс» болады», — деп мәлімдеді Де ла Хойя Boxingscene.com порталына берген сұхбатында