Тараптар арасындағы келіссөздер жақында Головкиннің промоутері Том Леффлер Дюссельдорфта британдық «Sky Sports» телеарнасы ұйымдастырған кеште кездесті, мұнда Карл талдамашы болып жұмыс жасайтын. Қазіргі кезде салмақ санаттары туралы мәселе талқылануда. Егер тараптар уағдаласса, онда жекпе-жек көктемде Лондондағы «Уэмблиде» өтпек. Тағы бір қосалқы нұсқа - Лас-Вегас (АҚШ).
Осыған байланысты Фроч мәлімдеме жасады, деп жазады Sports.kz .
«Егер мен кәсіби боксқа оралар болсам, осы жекпе-жек үшін ғана келемін. Әзірге біз Томмен салмақ жөнінде уағдаластыққа жеткеніміз жоқ, ол бұл мәселеде Головкинмен ақылдасады, содан кейін диалогты жалғастырамыз», - деп атап өтті ол.