Геннадий Головкин: Мен жанкүйерлерге драмалық шоу сыйлағым келдi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айта кетейiк, Орта салмақтағы WBA/IBO/WBC Interim нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) кеше Монакода өткен бокс кешiнде қарсыласы Мартин Мюррейдi техникалық нокаутпен жеңiп кеттi.

Жекпе-жек барысында үш рет нокдаун алған Мартин Мюррей тек 11-раундта берiлдi. Басына тиген жойқын-жойқын соққылардан есеңгiреген Мартиндi көрген қазы жекпе-жектi тоқтатуды шештi. Осылайша Головкин 32 кездесуде жеңiске жетiп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады және әйгiлi Майк Тайсонның рекордын қайталады.

"Бұл стратегия болатын. Мен жанкүйерлерiме 6 раундтық нағыз драмалық шоу көрсеткiм келдi, содан кейiн ғана қарсыласты нокаутқа жiберудi шештiм", - дедi қазақстандық боксшы.