Геннадий Головкин: «Мейвезерден сұраңыздар, ол менімен жұдырықтасуға дайын ба екен?»
10:18, 15 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин медиа-жаттығу кезінде өзінің Флойд Мейвезермен кездесуге әзірлігі жайлы сұрағанда абыржымай жауап қайтарды, деп хабарлады Sports.kz.
- Мен дайынмын ба? Мейвезерден сұраңыздар, ол менімен жұдырықтасуға дайын ба екен?, - деген Геннадийдің сөзін келтіреді BoxingScene.com.