Геннадий Головкин Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның деңгейiне көтерiлдi - Ғалым Кенжебаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиндi әуесқой бокста жаттықтырған бапкер Ғалым Кенжебаев қазақстандық боксшының Нью-Йорктегi кезектi кездесуiне қатысты өз пiкiрiн бiлдiрдi.

"Жалпы бұның алдында бол ж ағанымыздай, Гил раундтың ортасына дейiн шыдас бермейтiндiгi шындыққа айналды. Шеберлiгi бойынша Гена әлдеқайда жоғары санатта болды. Оның қарсыласы қолдан келгеннiң барлығын жасады, бiрақ а в стралиялық ұзаққа шыдаған жоқ. Генаның ауыр соққыларынан кейiн оның қарсыластары басқаша сөйлей бастайды. Раундты соза тұрмақшы болған Гилдiң бұл ойы жүзеге аспады. Гена жекпе-жектi дұрыс құрып, оны сауатты аяқтады. Қазiр Гена Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның деңгейiне шығып отыр. Оған лайықты қарсылас көрiнбейдi, өзге салмаққа ауыспаса", - дедi бапкер sports.kz сайтына берген сұхбатында.