Ол інісі Максиммен бірге дауыс берді. Нью-Йоркке 16 мамырға белгіленген кезекті жекпе-жекке дайындалып жатқан Геннадий Лос-Анджелестен келген. «Мен дауыс беріп, борышымды орындауға келдім. Бас консулдыққа кіріп шықтым, жылы қабылдады. Дауыс беруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет. Мен өз кандидатыма дауыс бердім. Енді 16 мамырда өтетін айқасқа дайындалу үшін Лос-Анджелеске қайтамын. Головкин дауыс бергеннен кейін бірден Калифорниядағы жаттығу лагеріне оралмақ.
18:29, 26 Сәуір 2015
Геннадий Головкин Нью-Йоркте алғашқы болып дауыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше минут бұрын Нью-Йоркте Қазақстан Президентін сайлау басталды. Таңертеңгі сағат 7-де Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне атақты спортшымыз Геннадий Головкин келіп, дауыс берді, деп хабарлады «Хабар» арнасы.