Геннадий Головкин Pound-for-Pound рейтингінде көш бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) International Business Times басылымының нұсқасы бойынша Pound-for-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде көш бастады, деп хабарлады vesti.kz.

International Business Times нұсқасы бойынша Pound-for-Pound рейтингі төмендегідей:

1. Геннадий Головкин

2. Роман Гонсалес

3. Андре Уорд

4. Сауль "Канело" Альварес

5. Сергей Ковалев

6. Теренс Кроуфорд

7. Кит Турман

8. Эррол Спенсе

9. Келл Брук

10. Гильермо Ригондо