Бүгін, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) Saitama Super Arena-да IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA суперчемпионы белбеуінің иегері, жапондық Риота Мурата айқасады.
Бұған дейін хабарланғандай, Геннадийдің туған қаласы Қарағандыда оның жекпе-жегін бес үлкен экраннан көруге болады. Тікелей эфир Достық үйінде, Геннадий Головкин атындағы спорт кешенінде, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде, Кеншілер мәдениет сарайында, City Mall СОСО-да ұйымдастырылады.
Спорттық шоуды «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.
Сайтамадағы бокс кеші басталды. Головкин — Мурата басты жекпе-жегі 18:10-ға жоспарланған.